Атырау, 20 ақпан 13:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Қарашығанақта еңбек дауларының алдын алу бойынша меморандумға қол қойылды

92 рет қаралды

Орал қаласында Қарашығанақ кен орнында әлеуметтік әріптестік пен еңбек дауларының алдын алу мәселелеріне арналған форум өтті. 

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясының мердігер ұйымдарының басшылары мен мамандары, кәсіподақ бірлестіктері және өзге де мүдделі тараптардан барлығы 100-ден астам адам қатысты.

Форум барысында Батыс Қазақстан облысының прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, облыстық еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Асылұлан Досжанов және KPO B.V. бас директоры Марко Марсили әлеуметтік әріптестік пен еңбек дауларының алдын алу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу, заңдылық мәдениетін дамыту және еңбек дауларын сотқа дейін шешу тетіктерін жетілдіру.

Құжат аясында тараптар ақпарат алмасуды, жұмыс берушілер мен қызметкерлерге арналған бірлескен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік тетіктерін дамытуға күш салуды көздейді.

Облыс прокурорының айтуынша, жұмыс берушілер мен мердігер ұйымдардың мемлекеттік органдармен ашық диалогқа қатысуы еңбек құқықтарының бұзылуын дер кезінде анықтап, алдын алуға, қызметкерлердің өтініштерін жедел қарауға және өңірде қауіпсіз әрі әділ еңбек жағдайларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырады.

Бүгін, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.