Атырау, 19 ақпан 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Балқашта бесқабатты үйдің апатты подъезі құлады

82 рет қаралды

Қарағанды облысының Балқаш қаласында 19 ақпан күні таңертең көпқабатты тұрғын үйдің бесінші подъезі жартылай қирады. Оқиға Қарамеңді би көшесі, 10 мекенжайында шамамен сағат 08:10-да болған.

Әкімдіктің мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қираған подъезд бұған дейін апатты деп танылып, тұрғындар алдын ала көшірілген. Ғимараттың инженерлік желілері ажыратылып, аумақ қоршалған.

Қазір бесінші подъезді бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында құрылыс және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталуда. Жоспар бойынша қалған төрт подъездің техникалық жағдайы қосымша тексеріліп, нығайтуға арналған жобалық-сметалық құжаттар дайындалады.

Билік өкілдері бұзу кезінде басқа подъездердің тұрғындарын уақытша көшіру мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

Бүгін, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.