Атырау, 19 ақпан 15:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Венгрия мен Словакия Украинаға дизель отынын жеткізуді тоқтатты

82 рет қаралды
Фото: Zuzana Gogova/Getty Images
Сурет: Zuzana Gogova/Getty Images

Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто елдің Украинаға дизель отынын жеткізуді уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, транзиттік мұнай жеткізу «Дружба» құбыры арқылы Венгрияға қайта қалпына келмейінше, экспорт жалғаспайды, деп хабарлады INTERFAX.

Сийярто бұл шешімге Украина президенті Владимир Зеленскийдің саяси себептермен транзитті тоқтатуы түрткі болғанын айтты.

Словакия да дизель экспортын тоқтатты. Премьер-министр Роберт Фицо елдің мұнай қоры жеткілікті екенін, алдағы айларда тапшылық болмайтынын мәлімдеді. Үкімет Slovnaft компаниясына мемлекеттік резервтен 250 мың тонна мұнай бөлді. Сонымен қатар, балама ретінде Хорватиядағы «Адрия» құбыры арқылы жеткізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, бірақ оның тарифі бес есе қымбат.

Қазір Венгрия мен Словакия мұнайды теңіз арқылы жеткізу жолдарын да қарастыруда. Екі елдің стратегиялық қорлары ЕО талаптарына сәйкес шамамен 90 күнге жетеді.

Бұл шешім Украинаға жанармай жеткізуге айтарлықтай әсер етпек, себебі дизельдің елеулі бөлігі осы елдер арқылы келетін.

Бүгін, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.