Атырау, 19 ақпан 13:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

​Семей әуежайына авиаотын бағасын өсіргені үшін 8,8 млн теңгеге айыппұл салынды

87 рет қаралды

БҚДА Абай облысы бойынша департаменті «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Ведомство мәліметі бойынша, тергеп-тексеру барысында кәсіпорынның бөлшек саудада авиаотынға монополиялық жоғары бағаны белгілеу және ұстап тұру арқылы үстем жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды.

Семей қаласындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ЖШС кінәлі деп танылып, 8,8 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ монополистік қызмет нәтижесінде алынған 8,5 млн теңге көлеміндегі монополиялық кіріс тәркіленді. Қазіргі уақытта сот қаулысы заңды күшіне енді.

Департамент бөлшек саудада авиаотынға негізделген баға белгілеу арқылы монополиялық жоғары бағаны белгілеу мен ұстап тұруды тоқтату туралы нұсқама берді. Нұсқама кәсіпорын тарапынан толық көлемде орындалғанын мәлімдеді олар. 

Бүгін, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.