
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты лицензиясыз білім беру қызметін жүргізген жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату туралы шешім қабылдады.
ЖШС 2025 жылғы мамырда тіркеліп, қыркүйектен бастап мектеп ретінде жұмысын бастағанымен, тиісті лицензия алмаған. Бұған дейін ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген.
Компания өкілдері мектеп жеке инвестициялар есебінен салынғанын, қазіргі уақытта 166 оқушы білім алып жатқанын және лицензия алу үшін құжаттар пакеті дайындалып, өтініш берілгенін алға тартты. Олар ата-аналар тарапынан шағым болмағанын да мәлімдеді.
Алайда сот уәкілетті органның екі рет лицензия беруден бас тартқанын және оған шағым жасалмағанын анықтады. Сот лицензияның балаларды оқытуға құқық беретінін, мемлекеттік стандарттардың сақталуын және қауіпсіз инфрақұрылымды қамтамасыз ететінін атап өтті. Лицензиясыз мектеп мемлекеттік үлгідегі аттестат бере алмайды.
Нәтижесінде сот «Білім туралы» заңға сүйене отырып, ЖШС-ны тарату туралы талапты қанағаттандырды. Бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау -10