Атырау, 19 ақпан 12:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Қарағандыда бір қабірге қатысты дау туындап, іс сотқа жетті

Бейнежазба
108 рет қаралды

Қарағандыда бір зираттағы қабір үшін екі отбасы арасында дау туындап, іс сотқа жетті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бір тарап бұл жерде 2024 жылғы 19 қарашада жерленген анасы жатыр десе, екінші тарап 26 қарашада өз туысын осы орынға қойғанын айтады. Қабір қоршалып, құлпытас орнатылған.

Айгүл Жәмиленованың айтуынша, анасы 2024 жылғы 17 қарашада қайтыс болып, екі күннен кейін жерленген. Жерлеу рәсімінен соң қабір орны кеңейтіліп, белгі қойылған. Алайда 2025 жылдың жазында зиратқа барғанда, белгіленген орында басқа адамның мазары тұрғанын көрген.

Ол бұл жерде анасының жерленгеніне сенімді екенін айтып, сотқа жүгінген. Дегенмен, аудандық сот талапты қанағаттандырмаған. Айгүл енді апелляциялық тәртіппен шағым түсіруге дайындалып жатыр және мүрдені эксгумациялау арқылы дауды түбегейлі шешуді көздейді.

Екінші отбасы 2024 жылғы 26 қарашада өз туысын дәл осы жерге жерлегенін алға тартады. Олардың айтуынша, қабір бос жерден қазылған, бұрынғы жерлеу орнын қайта қазу мүмкін емес. Жер қазушы да жаңа қазылған қабірдің үстінен қайта қазылмағанын мәлімдеген.

Қарсы тарап эксгумация жүргізуге қарсылық білдірмейтінін жеткізді.

Қазіргі таңда тараптар соттан эксгумация жасауға рұқсат алу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл шара қабірде нақты кімнің жерленгенін анықтап, дауға құқықтық тұрғыда нүкте қоюға мүмкіндік бермек.


Бүгін, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.