Атырау, 19 ақпан 12:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

​Бюджетке 350 млн шығын келтірген Қазақстан азаматы Қырғызстаннан қайтарылды

Бейнежазба
96 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот

Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан азаматы Қырғыз Республикасынан экстрадицияланғанын хабарлады.  

Тергеу мәліметі бойынша, 2023 жылы күдікті мүліктік пайда табу мақсатында іс жүзінде жұмыстарды нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру схемасын ұйымдастырған.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке бюджетке 350 млн теңгеге жуық салық төлемеу түрінде залал келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың наурыз айында ол Бішкекте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. 

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 


Бүгін, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.