AZATTYQ.ORG. «Мұхтар Жәкішевтің саяси тұтқын атану тарихы» - Қазақстандық құқық қорғаушылар жаңадан толықтырған «саяси тұтқындар» тізіміне Мұхтар Жәкішевті кіргізді. Олар бұл шешімге «Жәкішев ісінде» кейіннен жария болған мәліметтер әсер еткенін айтты.
«Әйелі Козловты жақын түрмеге ауыстырта алмады» - Оппозициялық саясаткер Владимир Козловты тұрғылықты жері – Алматы облысындағы колонияға ауыстыруға негіз жоқ деп хабарланды. 7,5 жылға сотталған ол Солтүстік Қазақстан облысында жаза өтеп жатыр.
«Ауғанстандағы сайлау - ескі мен жаңаның таласы» - 2014 жылы өтетін Ауғанстан президенті сайлауына кандидат тіркеу мерзімі аяқталуға жақын. Мамандар «бұл сайлауда Ауғанстандағы бұрынғы және қазіргі ықпалды тұлғалар бәсекеге түскелі отыр» дейді.
SERKE.ORG. «Қазақ ұлтшылдары құрылтай өткізе ала ма?» - Жиында Мұхтар Шахановтың құрылтай мәселесі бойынша ұстанымын Серікжан Мәмбеталин білдірген сықылды. Ол қазақ ұлтшылдарының құрылтайында Мұхтар Шаханов кезінде тіркей алмаған «Халық рухы» партиясының құрылтай сиезін қоса өткізіп жіберу турасында ұсыныс айтқан.
MASA.KZ. «Ұрлықсыз – байлық бола ма?..» - Әйел дәрігерінің бұрынғы жары, қазіргі Мәжіліс депутаты бала туу демалысына шыққан әйелдердің жәрдемақыларын азайтқанда да, әйелдердің зейнетақы жасын 63-ке өсіргенде де, жалпы, әлеуметтік әділеттілік сөз болғанда да амалсыздан жұмған ауызын аша алмай отыр.
«Иосиф СТАЛИН» - КСРО тірлігі небір қияметтермен басталды десек, оның бірі – 1921- жылдан басталып, 1933-жылмен аяқталған аштық.
«Ең үлкен жиһадқа шыққыңыз келе ме?» - Иә, қазіргі заманда бір адамдар бар. Олар жаннатқа баратын жол үйінде тұрғанда, оны өзге жақтан іздейді.
QAZAQUNI.KZ. «Шәкәрім қолжазбасы қалай сақталды?» - Шәкәрім қолжазбасын көзінің қарашығындай сақтап, бүгінгі күнге жеткізгендерді айтқанда үш адамды ерекше атауымыз керек.
«“Қара пиар мен сары басылымға қарсымын”» - «Бұл құрмет бізге бір топта ән сала жүріп, ауызбіршілікпен жемісті еңбек етуіміздің арқасында бұйырған шығар».
TURKYSTAN.KZ. «Алданған халық екен...» - Банк қызметкерлері туыстарына «Әйгерім» ауданынан үй әперіпті.
SHYN.KZ. «Қазақстан қайтсе АҚШ-тай бола алады?» - Ал, бүгінгі күн, Аллаға тәубе, мүлдем басқа ғой: еркіндік-теңдігіміз қолымызда, тәуелсіз елміз, өзге елдермен тереземіз тең. Енді біз ұлттық рухымызды көтеруге тиіспіз, жалтақтау мен қорқудың уақыты өтті.
AIKYN.KZ «Зейнетақы математикасы: қандай өзгерістер күтіп тұр?» - Бұл ретте әйелдердің жинағының орташа сомасы 324 мың теңге шамасында, салыстырмалы түрде қарағанда ол ерлер жинағының орташа сомасынан 25 пайызға кем.
«Келімбетов шешетін келелі мәселе көп» - Міне, тағы да екінші деңгейдегі банктер дефолттық жағдайға жетіп қалғанда, Президентіміз Қайратты Ұлттық банк төрағалығына тағайындады.
«Мобилдік төлем жүйелері: бүгіні мен болашағы қандай?» Жалпы, ұялы телефон арқылы төлем жасау, ақша аудару – Қазақстан үшін жаңа, тың бағыт. Бұл нарық ТМД елдерінде енді-енді дамып келеді.
«”Ақбұлақтың” миллионы қайда кетті?» - Кінәлілердің біразы жауапқа тартылып, жазаға кесіліп жатқаны да мұндағы асқынған жағдайды түзей алар емес.