Атырау, 18 ақпан 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

Атырауда екі оқушы «Алтын белгі» алу құқығын сот арқылы қорғап алды

102 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты білім басқармасы комиссиясының өңірдегі мектептердің бірінің екі түлегіне «Алтын белгі» беруден бас тартуын заңсыз деп таныды.

Облыстағы орта мектептердің бірінің екі түлегі оқуын үздік аяқтап, тиісті үлгідегі аттестат алғанымен, Білім басқармасының комиссиясы оларға «Алтын белгі» тағайындаудан бас тартқан. Шешім педагогтер енгізген бағаларға жасалған түзетулерге негізделген.

Түлектердің заңды өкілдері бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінді.

Сот ұстанымы

Сот іс материалдарын зерделей отырып:

  • талап қоюшылардың 5–11 сыныптар аралығындағы барлық пәндер бойынша жылдық, тоқсандық және қорытынды бағалары «үздік» болғанын, сондай-ақ қорытынды аттестаттаудан сәтті өткенін;
  • бағаларды қою, өзгерту және түзету педагогтердің құзыреті мен жауапкершілігіне жататынын, сондықтан оқушылар мұғалімдердің ықтимал қателіктері немесе процестік бұзушылықтары үшін жауап бермеуге тиіс екенін;
  • Білім басқармасы тарапынан әкімшілік сот ісін жүргізудің базалық қағидаттары, соның ішінде сенім құқығын қорғау, әділдік және мөлшерлестік қағидаттары бұзылғанын анықтады.

Сот сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бұйрығының талаптарына назар аударды. Аталған құжатқа сәйкес, модерация рәсімі тек оқу жетістіктерін бағалауға қатысты даулы жағдайлар туындағанда ғана қолданылады. Бұл іс бойынша мұндай даулар болмаған, сондықтан Білім басқармасының модерация жүргізуі негізсіз деп танылды.

Қорытынды шешім

Сот педагогтер енгізген түзетулерге сүйеніп қабылданған комиссия шешімін заң талаптарына қайшы деп танып, түлектерге қатысты комиссия отырысының даулы хаттамасының күшін жойды. Сонымен қатар, Білім басқармасына «Алтын белгі» беру мәселесін қайта қарау міндеттелді. Атырау облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актісі заңды күшіне енді және орындалу сатысында.

Бүгін, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.