Атырау, 18 ақпан 16:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

​Ақтөбе облысында ҰҚК жоғары лауазымды прокурорды ұстады

70 рет қаралды

Ақтөбеде Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкері ұсталды.

Облыстық прокуратураның хабарламасында айтылғандай, 17 ақпанда ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің орталық аппараты ҚР Бас прокуратурасының меншікті қауіпсіздік департаментімен бірлесіп ұстады.

Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қадағалау органы сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Бірқатар дереккөз бен БАҚ-тағы жарияланымдар ықтимал сыбайлас жемқорлық құрамы туралы да нұсқаларды ұсынып отыр (оның ішінде болжамды сома туралы), алайда бұл мәліметтер ресми түрде расталған жоқ — уәкілетті органдарда бұл туралы әзірге нақты хабарламады.  

Ұсталған адамға қатысты бұлтартпау шарасы туралы ресми ақпарат әзірге жоқ.

Бүгін, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.