Атырау, 18 ақпан 15:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

Сотта күнбағыс буданына қатысты авторлық дау шешілді

88 рет қаралды
"АЖ" коллажы
"АЖ" коллажы

Шығыс Қазақстан облысында күнбағыс буданына берілген патент төңірегінде дау туындады. 

ЖШС-нің ғылыми қызметкерлері бірлескен автор ретінде көрсетілгенімен, патент иесі олардың бірін шығармашылық үлесі жоқ деп, авторлар қатарынан шығару туралы сотқа жүгінді.

Жауапкер өз кезегінде селекциялық жұмыстың барлық кезеңіне қатысқанын дәлелдеді: питомниктерде зерттеу жүргізіп, будан комбинацияларын іріктеу мен бағалауға атсалысқан, сынақ нәтижелерін талдап, ғылыми есептер мен ұсыныстар дайындаған.

Глубоковский аудандық сотында жазбаша дәлелдер, хаттамалар, есептер қаралып, куәлар тыңдалды. Селекция саласының маманы бұл процестің үздіксіз ғылыми әрі шығармашылық сипатта болатынын атап өтті.

Сот жауапкердің арнайы білімі мен тәжірибесін ескере отырып, оның авторлар қатарынан шығарылуына негіз жоқ деген қорытындыға келді. Талап қанағаттандырылмады.

Облыстық сот бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды. Шешім заңды күшіне енді.

Бүгін, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.