Атырау, 18 ақпан 13:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

​Прокуратура орман ресурстарын қорғау саласында бұзушылықтардың алдын алды

50 рет қаралды
Фото: freepik.com
Фото: freepik.com

Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мемлекеттік орман қорын заңсыз кесуге қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың заңдылығы мен тиімділігінің жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлайды Бас прокуратура.

 Жекелеген орман иеленушілердің қызметінде орман қорын күзету мен қорғауды ұйымдастыруда және бақылау функцияларын жүзеге асыруда кемшіліктер анықталды, бұл орман ресурстарының сақталуын қамтамасыз етуге теріс әсер етеді, нәтижесінде орманды заңсыз кесу фактісі жіберілді.
 
Орманды заңсыз кесу мемлекетке зиян келтіреді, экологиялық қауіпсіздікке теріс әсер етеді және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға жол бермейді.
 
Бұдан басқа, мемлекеттік орман қорын қорғаудың жай-күйін объективті бағалауға кедергі келтіретін орманды аралау ревизиясының нәтижелерін бұрмалау фактісі анықталды.
 
Прокурорлық ден қою шараларымен 6 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз кесудің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ заңсыз кесуді анықтаған кезде лауазымды тұлғаларға арналған іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
 
Мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
 

Бүгін, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.