Атырау, 18 ақпан 13:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

​Таразда 13 жастағы қызды көлікке күштеп отырғызбақ болған екі ер адам ұсталды

Бейнежазба
62 рет қаралды

Тараз қаласында 13 жасар қызды екі белгісіз ер адам көлікке күштеп отырғызып, алып кетпек болған. 

Оқиға видеосы Instagram желісіндегі Тараз LIFE парақшасында жарияланған. Жазба авторының мәліметінше, аялдамада тұрған қызға екі ер адам жақындап, оны көлікке отырғызуға әрекет жасаған. Осы сәтте маңайда болған ер адам араласып, күдіктілер оқиға орнынан кетіп қалған.

Оқиғаға қатысты Тараз қаласының полициясы түсініктеме берді. Полицияға аялдамада тұрған қызды автокөлікпен алып кетпек болғаны туралы хабарлама түскен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 13 жастағы қызды ұрлауға әрекет жасады деген күдікпен екі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген құқыққа қайшы әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын мәлімдеді.

Бүгін, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.