
2026 жылғы 17 ақпанда Маңғыстау облысындағы «Бейнеу» полигонында жоспарлы оқ ату жаттығулары кезінде Батыс өңірлік командалық құрамасының қатардағы әскери қызметшісі қарумен жұмыс барысында ауыр жарақат алып, көз жұмды.
Бұл оқиғаға байланысты Батыс өңірлік әскери тергеу органдары қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу басталды. Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына генерал-майор Шайх-Хасан Жазыбаев жетекшілік ететін арнайы комиссия жіберілді.
Қарулы Күштер басшылығы қаза болған сарбаздың туыстарына көңіл айтып, заңнамаға сәйкес отбасы қажетті қолдау мен көмекпен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, биылғы қаңтар айында да бірнеше қайғылы жағдай тіркелген болатын:
- 23 қаңтарда Өскемен гарнизонында,
- 27 қаңтарда Жамбыл облысында қатардағы сарбаздар қаза тапты.
Осы оқиғалардан кейін Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған шұғыл шаралар қабылдағанын хабарлаған еді.
В Атырау -10