Атырау, 17 ақпан 17:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Ұлыбританияда жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге тыйым салынады

81 рет қаралды
Фото: Jonas Leupe / Unsplash
Сурет: Jonas Leupe / Unsplash

The Times басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания билігі 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл шешім 2026 жылдың жазында қабылдануы ықтимал. Тыйым чат-боттарды қолдануға да қатысты болады.

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров бұған дейін Еуропадағы рейтингтері төмен саясаткерлерді әлеуметтік желілерді шектеудің басты жақтаушылары деп атаған еді.

Әлеуметтік желілерге тыйым салу идеясы Еуропада жиі талқыланып жүр. Мәселен, Франция президенті Эммануэль Макрон да балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді шектеу жоспарын жариялап, оны 2027 жылға дейін жүзеге асыруға ниетті екенін айтқан.

Бүгін, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.