
Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы «Базарқақпа» тұрғын алабында жеңіл автокөлік шкафты газ реттегіш пунктіне соғылып, газ-ауа қоспасы жарылды. Жарылыстан кейін факелді жану орын алып, өрт қаупі туындады.
Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызмет бөлімшелері екі жауынгерлік оқпан арқылы су шашып, жалынды оқшаулады және конструкцияларды салқындатты. Құтқарушылардың жедел әрекеті өрттің тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді.
Жарылыстың соққы толқыны жақын маңдағы жеке үйдің терезелерін зақымдады. Дегенмен, зардап шеккендер жоқ. Автокөлік жүргізушісі өрт күшейгенге дейін көліктен өз күшімен шығып үлгерген.
Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт толық сөндірілді.
В Атырау -10