Атырау, 17 ақпан 15:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Бакуде Рубен Варданянға 20 жыл түрме жазасы тағайындалды

89 рет қаралды

Әзербайжанның әскери соты Таулы Қарабахтың бұрынғы мемлекеттік министрі Рубен Варданянды 20 жылға бас бостандығынан айырды. Мемлекеттік айыптаушы оған өмір бойына түрме жазасын сұраған еді, деп хабарлады BBC News Русская служба.

57 жастағы Варданян Ресейде миллиардер атанып, «Тройка Диалог» инвестициялық компаниясын және «Сколково» бизнес мектебін құрды. Сонымен қатар Арменияда қайырымдылық жобаларын жүзеге асырды: ең танымалы — Сюник аймағындағы көне Татев монастыріне апаратын аспалы жол құрылысы. 2022 жылы ол ресейлік азаматтығынан бас тартып, Таулы Қарабахқа көшіп, қысқа уақытқа үкімет басшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың қыркүйегінде Әзербайжан Қарабахты толық бақылауға алған соң, Варданян Лачин дәлізінде ұсталды. Оған агрессивті соғыс жүргізу, терроризм және басқа да ауыр қылмыстар бойынша айып тағылды. Варданян кінәсін мойындамай, процесті «саяси» деп атады.

Арменияда оның босатылуын талап еткен митингілер өтті. Премьер-министр Никол Пашинян бұл мәселені халықаралық деңгейде көтергенін айтқанымен, нәтиже шықпады. Әзербайжан президенті Ильхам Алиев сот үкімін «толық дәлелденген» деп атап, бұрынғы карабахтық басшыларды Нюрнберг процесінде сотталған нацистік қылмыскерлермен салыстырды.

Варданянның отбасы үкімді «күтілген, бірақ ауыр» деп бағалап, оның және басқа армян тұтқындарының босатылуы үшін күресті жалғастыратынын мәлімдеді.

Бүгін, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.