Атырау, 17 ақпан 14:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Шымкентте интернет-алаяқтарға SIM-карта жеткізген арна жойылды

Бейнежазба
74 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтарды қазақстандық SIM-карталармен қамтамасыз етіп келген арнаның жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Жедел іс-шаралар барысында азаматтарға тиесілі абоненттік нөмірлерді заңсыз тіркеп, үшінші тұлғаларға WhatsApp растау кодтарын беріп отырған ер адам ұсталды. Осылайша алаяқтар қазақстандық нөмірлерге тіркелген аккаунттарды өз бақылауына алып, қылмыстық схемаларда пайдаланған.

Сонымен қатар телефон аксессуарлары дүкенінің сатушысы да анықталды. Ол клиенттердің жеке деректерін пайдаланып, олардың атына қосымша абоненттік нөмірлер рәсімдеп келген.

Аталған арна арқылы 3 мыңнан астам SIM-карта іске қосылып, интернет-алаяқтық әрекеттерде қолданылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Бүгін, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.