Атырау, 24 мамыр 07:18
 дождьВ Атырау +13.4
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60

Павлодарда есірткі тасымалдаушы ұсталды

227 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Жедел қызметкерлер есірткі таратумен айналыспақ болған Алматы қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz

Анықталғандай, күдікті интернет-дүкен арқылы тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген. Ол синтетикалық есірткі заттарын жасырын орындарға қалдырып, таратуды жоспарлаған.

– Күдікті өз кінәсін мойындады. Тінту барысында синтетикалық есірткі салынған орамалар тәркіленді. Сондай-ақ одан зип-пакеттер, электронды таразы және есірткіні қаптауға арналған құралдар табылды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айгазин.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге тұлғалар анықталып жатыр.

17 ақпан, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.