
61 жастағы Өтебай Сабировтың сүйегі табылғаннан кейін тергеу зорлықпен өлтіру белгілерін анықтаған жоқ.
Істі тоқтату туралы қаулыны прокуратура бекітті, деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.
1964 жылы туған ер адамның сүйегі жоғалып кеткеннен кейін біраз уақыт өткен соң далалық жерден табылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өлімнің қылмыстық сипаты жоқ.
Сабиров 14 желтоқсанда Каспий жағалауына аң аулауға шыққан кезде жоғалып кеткен. Қасында төрт адам болған. Ол туыстарына бес аңшының жол талғамайтын көлікпен шығып бара жатқаны бейнеленген видео жіберген. Ал кері оралғанда тек төртеуі келген.
Бірге аңшылық сапарға шыққан азаматтардың айтуынша, бұзылған көлікті жөндеп жатқанда Сабиров мылтығын алып, аң аулауға жалғыз кетіп, кейін оралмаған.
Туыстары бұл оқиғада сәйкессіздік көп деп, барлық мән-жайды мұқият тексеруді талап етті.
Аңшының сүйегі табылғаннан кейін қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.
— Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан қылмыстық іс тоқтатылды, — деп хабарлады полициядан.
Жүргізілген сараптамалардың қорытындысы және өлімнің түпкілікті себебі ресми түрде жария етілмеді.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -10