Атырау, 12 сәуір 16:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Жолдағы топырақ үйіндісінен көліктер бүлінген

Бейнежазба
403 рет қаралды

«АЖ» редакциясына хабарласқан жүргізуші "Ақтөбе-Атырау-Астрахан" жолындағы берекетсіздік туралы хабарласты.

Айтуынша жол белгісі тұсына топырақ үйіліп қойылғандықтан кейбір жүргізушілер сол топыраққа соғысып көліктерін бүлдірген. 

- Топырақ ескерту жол белгісінен қашық болмай ма, мұның заңдылығына кім жауап береді?-дейді хабарласқан адам.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 5 қаңтар күні тас жолдың 597 шақырым тұсында "Ақжол" ЖШС-не жол  жұмыстарын жүргізу кезінде, жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында уақытша қойылған жол белгілерін ҚР СТ 1412-1017 сәйкес орнатпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 631 бабымен әкімшілік хаттама толтырылған.

Осылайша, жұмыстарды ұйымдастыру барысында заң бұзушылық фактісі ресми түрде тіркелді. Алайда полицияның жауабында кемшіліктердің жойылғаны және көліктері зақымданған жүргізушілерге өтемақы қарастырылған-қарастырылмағаны нақтыланбаған.

Редакция аталған жол учаскесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен мердігердің жауапкершілігі туралы қосымша сауал жолдады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған видео

16 ақпан, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.