Атырау, 13 ақпан 20:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

Ерлікке тағзым: Атырауда батыр полицей Шалқар Ақымғалиевті еске алды

Сурет
108 рет қаралды

Атырау қаласындағы №47 орта мектепте өзге адамның өмірін құтқару жолында жан қиған полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтің рухына арналған патриоттық іс-шара өтті.

Қалалық білім бөлімінің ұйытқы болуымен өткен жиынның басты мақсаты — небәрі 24 жасында ерлік көрсеткен жас батырдың есімін ұлықтау. 

Жиынға Атырау облыстық ПД бастығы Оңал Бекеев бастаған тәртіп сақшылары, білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова және мектеп директорлары қатысты.

Батырдың анасы Ләззат Мәженқызы мен қарындасына ерекше ілтипат көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.
Шалқар білім алған осы мектепте оқушылардың патриоттық тәрбиесін нығайту үшін арнайы полиция кабинеті ашылды.

«Шалқар Ақымғалиев — біздің мектебіміздің мақтанышы. Оның ерлігі өскелең ұрпаққа нағыз үлгі. Облыстық полиция департаментінің көмегімен ашылған жаңа кабинет оқушылардың рухани дамуына және отансүйгіштік қасиеттерін арттыруға қызмет етеді», — деп атап өтті Айнагүл Дүйсекенова.

Бұл шара — халық қаһарманына айналған полицейдің есімін ел жадында мәңгі сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Бүгін, 19:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.