Атырау, 13 ақпан 19:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

Қазақстанның вольфрам өндірісіне АҚШ инвестиция салады

100 рет қаралды

Қордың портфельдік компаниясы — «Тау-Кен Самұрық» және Cove Kaz Capital Group LLC (Cove Capital) критикалық минералдар саласындағы стратегиялық инвестициялық жоба бойынша транзакциялық құжаттар топтамасына — Сатып алу-сату шартына (SPA) және Құрылтай шартына (FA) қол қойды. 

Құжаттарға қол қою рәсіміне «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов қатысты.

Жоба аясында Қазақстанда Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарында вольфрамды терең өңдеу өнімдерінің жоғары технологиялық өндірісін құру көзделген. Шамамен 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Cove Capital жобаны дамытуға кемінде 1,1 млрд АҚШ долларын инвестициялауға міндетті.

«Солтүстік Қатпар» жобасы аммоний паравольфраматы өндірісін құруға бағытталған. Бұл — қосылған құны жоғары, әлемдік нарықта сұранысқа ие металлургиялық өнім.

Қаржыландырудан бөлек, жоба бойынша стратегиялық серіктес заманауи өндіру, өңдеу және байыту технологияларын әкеліп, сондай-ақ дайын өнімді сыртқы нарықтарға шығаруды, соның ішінде АҚШ Үкіметімен оффтейк-келісімшарттар жасауды қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру Қазақстанның критикалық минералдардың жаһандық жеткізу тізбегіндегі позициясын күшейтіп, шикізатты терең өңдеуді дамытуға және елдің өнеркәсіп саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға серпін береді.

Бүгін, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.