
Бұл жағдай «Мұнайшы» стадионының реконструкциясымен байланысты.
«Ақ Жайық» «Атырау» ФК әлі де облыс балансында қалып отырғанын анықтады.
Клубтың бас бапкері Виталий Жуковский bel.football-ға берген сұхбатында дайындық барысындағы мәселелерді ашық айтты:
«Басшылық ауысуына байланысты бізде ішкі де, команда жасақтау бойынша да қиындықтар бар. Қазіргі таңда біз тас дәуіріндегідей жұмыс істеп отырмыз: клуб Polar Team Pro лицензиясын да ұзарта алмайды. Бұдан бөлек, біз лигадағы оқу-жаттығу жиындарына ең соңғы болып жиналдық. Қазір бізде 10 ойыншымен келісімшарт бар, ал қажеті – 25. Чемпионаттың басталуына бір айдан аз уақыт қалды».
Клуб ресми түрде Polar Team Pro жүйесінің — ойыншылардың жүктемесін GPS арқылы бақылайтын лицензиясының мерзімі өткен жылдың соңында аяқталғанын растады. Қазір оны қайта ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ал құрамға қатысты жағдай да толық айқын емес. Клубтың мәліметінше, қазіргі таңда тоғыз футболшымен келісімшарт жасалған, қалғандары қаралуда. Дегенмен ресми жауапта өткен маусымдағы екі легионер мен биыл қосылған тоғыз ойыншы да аталған, сондықтан нақты сандар арасында сәйкессіздік байқалады.
Түркияда оқу-жаттығу жиындарына шамамен он алты футболшы қатысып жатыр, алайда қорытынды құрам әлі де қалыптасу үстінде
Чемпионаттың басталуына санаулы апта ғана қалды. Командаға басқа қалада ойнауға тура келеді, себебі Атыраудағы «Мұнайшы» стадионы реконструкцияда. Жалпы «Атырау» футбол клубы үшін жаңа маусым оңай басталмай отыр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -10