Атырау, 13 ақпан 13:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

Иран президенті елдегі интернет шектеулерін сынға алды

92 рет қаралды

Иран президенті Месуд Пезешкиан елдегі интернетке қойылған тыйымдарды сынға алды, деп хабарлайды АА.

Иран президенті әкімшілігінің жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, Пезешкиан Гүлістан провинциясының жоспарлау және даму кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде киберкеңістіктегі фильтрация саясатының іс жүзінде нәтиже бермейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, бұл мәселені ол бірнеше рет Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеимен кездесулерінде көтерген.

«Біз киберкеңістікті сүзгіден өткіздік, бірақ шын мәнінде фильтрация – бір нәрсені жасыруға жасалған әрекет қана. Бүгінде тіпті діни жастардың арасында да пайдаланушылардың едәуір бөлігі фильтрацияны айналып өтетін құралдарды қолданады. Бұл мәселені үстірт шектеулермен шешуге болмайтынын, оған шынайы әрі түзетуші көзқараспен қарау қажеттігін көрсетеді», – деді ол.

Президент тыйымдардың мәселені шешпейтінін атап өтіп, VPN қолданудың қоғамның түрлі топтарында кең таралғанына назар аударды.

«Біз фильтрация жасағанда, кейбір адамдар VPN сатып, ешқандай күш жұмсамай-ақ ақша табады. Біз бұл шындықты көрмей отырмыз ба? Неге көзімізді жұмып, оны жоққа шығарамыз?» – деді Пезешкиан.

Бүгін, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.