Атырау, 13 ақпан 13:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

Құрманғазы ауданында су айдындарына аэрация жасалуда

105 рет қаралды

Құрманғазы ауданында қаңтар айынан бастап су айдындарында балықтың тұншығу қаупін болдырмау үшін аэрация жұмыстары жүргізіліп келеді.

Бұл бастаманы аудандық балық инспекциясы қолға алып, оған «Каспий таңы», «Каспий балық», «Сәрсебаев», «Амангелді», «Тәлекші» шаруашылықтары мен жергілікті атқарушы органдар атсалысуда.

Аэрация – судағы оттегінің деңгейін арттыруға бағытталған алдын алу шарасы. Қыста мұз қатқан кезде ауа алмасу қиындап, балықтың жаппай қырылу қаупі күшейеді. Осы жұмыстар Бөкейхан, Қиғаш, Көптоғай, Бірлік, Теңіз, Шортанбай, Кудряшов, Сафон, Жанаталап ауылдарында және Құрманғазы ауылдық округінде жүргізіліп, барлығы 206 адам тартылған.

Аудандық балық инспекциясы бөлімінің басшысы Бақыт Есбергеновтің айтуынша, қаңтар-ақпан айларында 636 ойық пен 124 ірі арна жасалып, олардың қатып қалмауы үшін 359 бума қамыс пайдаланылған. Қауіпсіздік шаралары сақталып, арнайы ескерту белгілері орнатылған.

Биылғы қыс ерекше суық болғандықтан, жұмыстар күшейтілген тәртіпте атқарылуда. Мұздың қалыңдығы 10 см-ге жетіп, бұл кезең балықтар үшін қауіпті саналады. Сондықтан мұз арнайы құралдармен үнемі ойылып, суға ауа жіберу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отыр.

Бүгін, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.