Атырау, 30 мамыр 15:21
 дождьВ Атырау +21.7
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

ІІМ: Есірткі таратқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды

390 рет қаралды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі заттарын интернет арқылы байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан интернет дүкеннің қызметін тоқтатты. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 қатысушысы, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылық сүйемелдеуді қамтамасыз еткен тұлғалар ұсталды.

Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Интернет арқылы есірткі сататын дүкендер мен есірткі өткізудің заңсыз арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.


13 ақпан, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.