Атырау, 12 ақпан 17:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

Жапонияда қылмыс төртінші жыл қатарынан өсіп отыр

96 рет қаралды
Ұлттық полиция басқармасы
Ұлттық полиция басқармасы

Ұлттық полиция басқармасының деректеріне сүйенген Yomiuri басылымы хабарлағандай, 2025 жылы Жапонияда 774,1 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,9%-ға жоғары және пандемияға дейінгі деңгейден де асып түсті, деп хабарлайды Коммерсантъ.

Ұрлықтар 2,5%-ға көбейіп, жалпы қылмыстардың 60%-ын құрады (шамамен 514 мың).

Дүкендерден азық-түлік ұрлау 7%-ға артты, 105 мыңнан астам жағдай тіркелді. Ұрланған тауарлардың жартысы — азық-түлік.

Шетелдік туристерге қатысты қамауға алу жағдайлары 31,4%-ға өсіп, 17,6 мыңға жетті. Оның ішінде ауыр қылмыс үшін ұсталғандар саны 48%-ға артты (550 адам).

Арнайы түрдегі алаяқтық екі есе көбейіп, одан келген шығын 141,4 млрд иенге жетті. Жалпы алаяқтықтан келген шығын 402,9 млрд иенді құрады (өсім 31%).

Полиция жүргізген сауалнамаға сәйкес, тұрғындардың 79,7%-ы соңғы 10 жылда қоғамдық қауіпсіздік нашарлағанын айтқан. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға жоғары.

Бүгін, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.