Атырау, 13 наурыз 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20

​Ким Чен Ын мұрагерін анықтады

316 рет қаралды

Оңтүстік Корея парламентінің депутаты Ли Сон Гвонның мәліметінше, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ықтимал мұрагері ретінде оның қызы Ким Чжу Э қарастырылып отыр. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Ким Чжу Э соңғы уақытта армия күні мерекесі мен Кымсусан сарайына жасалған сапарлар сияқты маңызды шараларға жиі қатысып жүр. Сондай-ақ оның кейбір саяси мәселелерді талқылауға тартылғаны туралы деректер бар.

Депутаттың айтуынша, қызының саяси сахнада жиі көрінуі оның мұрагерлікке дайындалып жатқанын көрсетеді. Бұған дейін Ким Чен Ын қызы екеуі ірі калибрлі реактивті жүйені сынақтан өткізген болатын.

Бұл ақпарат Солтүстік Кореядағы билік сабақтастығы туралы болжамдарды күшейтіп отыр.

12 ақпан, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.