Атырау, 12 ақпан 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

Энергетика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

92 рет қаралды

Қазақстан Республикасы энергетика министрінің бұйрығымен Айдын Жумабекұлы Ашуев ведомство аппаратының басшысы қызметіне кірісті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

1976 жылы Алматыда туған Ашуев Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және «Қаржы академиясын» тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы «Ақжол» ЖШС-де менеджер болып бастаған.

Әр жылдары ол ҚР Статистика агенттігінде, Әділет министрлігінің «Зияткерлік меншік ұлттық институтында», «ҚазАгро» холдингінде, ТЖМ «Резерв» кәсіпорнында, Мемлекеттік сатып алу комитетінде, Қазынашылық комитетінде, Қаржы министрлігінде және Президент Әкімшілігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2016–2018 жылдары «Амангелді Газ» ЖШС-де бас директордың орынбасары, 2022–2023 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы болды.

2025 жылдың шілдесінен бері Энергетика министрінің кеңесшісі қызметін атқарып келген. Енді ол министрлік аппаратының басшысы ретінде жұмысын жалғастырады.

Бүгін, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.