Атырау, 12 ақпан 14:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

Алматыда жасырын есірткі зертханаларының қызметі тоқтатылды

92 рет қаралды

Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері психотроптық заттарды аса ірі көлемде заңсыз дайындап, өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі.

Тергеу деректеріне сәйкес, топ басшысы қала аумағындағы жеке үйлерде жабдықталған үш жасырын нарколабораторияның жұмысын ұйымдастырған. Бұл зертханаларда күн сайын заңсыз айналымға шығаруға арналған психотроптық заттар дайындалған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында зертханалардың қызметі толық тоқтатылып, жеті адам ұсталды. Заңсыз айналымдағы есірткі тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды. Ал қалған топ мүшелері сот үкімімен кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бүгін, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.