
Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанда сайлау мен бейбіт келісім бойынша референдум өткізуді жоспарлап отыр деген Financial Times жариялаған ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды АА.
Бұл туралы ол онлайн-брифинг барысында айтты.
«Сайлау жөнінде: 24-інде жариялаймын дегенді бірінші рет естіп тұрмын. Әуелі Financial Times-тан, қазір сіздерден естіп отырмын. Көп мәрте айттым, біз сайлауға қауіпсіздікке қатысты барлық кепілдіктер болған кезде ғана көшеміз», — деді Зеленский.
Мемлекет басшысы Украина сайлауға дайын екенін, бірақ бұл тек атысты тоқтатқаннан кейін ғана мүмкін болатынын атап өтті.
«Ақ үй сайлау өткізуге талап қойды ма — Америка бұл мәселені көтерді, бірақ егжей-тегжейіне барғым келмейді. АҚШ қауіпсіздік кепілдіктерінен бас тартамыз деп ешқандай қауіп төндірген жоқ», — деді ол.
Зеленский Мәскеуде немесе Минскіде келіссөздер болмайтынын айтты: «Мен Путинмен келіссөзге агрессор елдің астанасына бара алмаймын».
Сонымен қатар, ол энергетикалық бітімге қатысты Ресейден жауап болмағанын жеткізді: «Бұл олардың Абу-Дабиде АҚШ ұсынған энергетикалық бітімге әзір емес екенін көрсетеді. Әзірге», - деді ол.
Журналистер ЕО дипломатиясының басшысы Кая Калластың Ресейден талап етілетін «шегіну тізімін» жасау бастамасын сұрағанда, Зеленский егжей-тегжейін білмейтінін, бірақ Еуропаның «қатаң ұстанымы үшін» алғыс білдіретінін айтты.
В Атырау -10