Атырау, 13 наурыз 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20

​Талғар қаласының әкімі қызметінен кетті

201 рет қаралды

Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми парақшасында хабарланды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әкімнің мәлімдеуінше, шешім денсаулық жағдайына байланысты қабылданған. Соңғы уақытта ол ем қабылдап, еңбек демалысына шығуға мәжбүр болған. Денсаулығы қызметтік міндеттерін толық әрі тиісті деңгейде атқаруға кедергі келтірмеуі үшін өкілеттігін тоқтатуды жөн санағанын айтқан.

Арыстанбек Әбілқайырұлы 2024 жылдың желтоқсан айында өткен сайлау қорытындысы бойынша Талғар қаласының әкімі болып тағайындалған. Ол бұл қызметте 1 жыл 2 ай жұмыс істеді.

12 ақпан, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.