
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын қорғауды басты назарға алып, маңызды жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде.
«Meiram Kurylys» ЖШС металл конструкцияларын шығарады. Жобаға 500 млн теңге инвестиция салынып, 70 жаңа жұмыс орны ашылған.
Алайда жер учаскесін жалға беру шартындағы міндеттемелердің бұзылуына байланысты туындаған мәселені прокуратура араласуымен шешу мүмкін болды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында ұйымдастырылған кездесудің нәтижесінде инвестор мен жалға беруші қосымша келісімге қол қойды.
Бұл шара зауыттың тоқтап қалуына жол бермей, қызметкерлерді жалақысыз демалысқа жіберу қаупін алдын алды.
В Атырау -10