Атырау, 11 ақпан 16:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36

АҚШ «Хезболла» мүшелеріне санкция енгізді

110 рет қаралды

АҚШ Мемлекеттік департаменті «Хезболла» ұйымына қаржылық қолдау көрсеткен және Ливанның бейресми қаржы секторын пайдаланған тұлғаларға қарсы санкция жариялады, деп хабарлайды АА.

Вашингтонның бағалауынша, санкцияға іліккен адамдар ұйымға табыс әкеліп қана қоймай, бұрын енгізілген шектеулерді айналып өтуге көмектескен. Олардың ішінде «Хезболла» бақылауындағы деп саналатын Al-Qard Al-Hassan (AQAH) қаржы құрылымымен байланысты тұлғалар және Ирандағы ұйымның қаржы желісінің мүшелері бар.

Бұл шешім АҚШ-тың «Хезболлаға» қарсы қаржылық қысымды күшейту саясатының бір бөлігі ретінде қабылданды.

Бүгін, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.