Атырау, 11 ақпан 13:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36

Балта ұстаған оқушы: анасы өз нұсқасын айтты

102 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Ол ұлының жанжалды бастамағанын, бұл жағдай мектептегі ұзақ уақыт бойғы шиеленістің салдары екенін мәлімдеді. 

Маншүк Жиембетованың сөзінше, оқиға болған күні жасөспірім үзіліске дейін сыныпта отырған, бұл бейнебақылау жазбаларымен расталады.

«Ол тыныш отырып, ешкімге тиіспеген. Бұл камерадан анық көрінеді, жазбалар сақталған. Бірақ әлеуметтік желілерде оны көрсетпейді», — деді ол.

Оның нұсқасы бойынша, кейін бірнеше оқушы ұлына жақындаған.

«Төрт жігіт оны дәретханаға алып кеткен. Біреуі болса, қарсы тұрар еді, бірақ төртеуіне қарсы тұра алмаған соң, осындай қадамға барды», — дейді әйел.

Ол сондай-ақ ұлының бұрын басқа мектепке ауысуды сұрағанын айтты.

“Ол бұл мектепте оқығысы келмеді. Біз оны қалуға көндіріп, бәрі реттелетінін айттық. Ол тіпті бір күні жамандық болуы мүмкін екенін ескерткен еді”, — деді анасы.

Ол жағдайдың алдын алуға болар еді деп санайды және әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардың мазмұнына назар аударды. 

Сонымен қатар, ол осы жағдайн соң қызметінен кеткен мектеп директорынан кешірім сұрап, бұл шешімді тек ұлының әрекетімен байланыстырмауды өтінді. 

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, жасөспірімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу жалғасуда.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.