Атырау, 10 ақпан 19:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Атырауда онкологиялық науқастарға қажетті дәріні жеткізуге уәде берілді

117 рет қаралды

“Ақ Жайық” оқырманының шағымынан кейін Атыраудағы онкологияда сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан пациенттер екі ай бойы күткен препаратты жеткізуге уәде берілді.

Жақында жарияланған материалда қала тұрғынының ауыр дертпен жалғыз қалғаны туралы айтылған болатын.

Әйелдің айтуынша, лапатиниб препараты онкологиялық диспансерде шамамен екі ай бойы болмаған. Осы уақыт ішінде химиотерапия жүргізілмей, оның жағдайы нашарлаған. Соған қарамастан, ол емді бастауға үміттеніп, медициналық мекемеге барып жүрген.

Оқырманның шағымынан кейін жағдайға дәрілік заттардың бірыңғай дистрибьюторы – СК-Фармация түсініктеме берді.

Олардың айтуынша, 2026 жылға лапатиниб препараты «Ланиб» сауда атауымен, 250 мг таблетка түрінде сатып алынған. Атырау облыстық онкология диспансері 3 000 таблетка көлемінде сұрансы жасаған.

12 ақпанға дейін бірыңғай дистрибьютордың қоймасында бар қалдықтан медициналық ұйымға 90 таблетка жеткізу жоспарланған. Негізгі көлемдегі препараттың елге жеткізілгені нақтыланды. Құжаттар рәсімделгеннен кейін 15 ақпанға дейін оны дистрибьютордың хабтарына жөнелту көзделіп отыр.

Редакция дәрінің көрсетілген мерзімде пациенттерге берілетінін бақылауды жалғастырады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Суретті түсірген автор

Бүгін, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.