
Облыс прокуратурасы ірі салық төлеушілердің қызметін талдау барысында пайдалы қазбалар өндіретін компанияның заң бұзушылықтарын әшкереледі.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорын бағалы қағаздар бойынша төлемдерді негізсіз көбейтіп, оларды салықтық шегерімдерге енгізгені белгілі болды. Сонымен қатар, компанияның жылдық табысы шығарылған облигациялар құнынан төмен болып шыққан. Бұл корпоративтік табыс салығын төлеуден жалтару әрекетіне дәлел ретінде қарастырылды.
Прокуратураның ұсынысы бойынша жүргізілген салықтық тексеру заң бұзушылықтарды растады. Соның нәтижесінде бюджетке 1,1 млрд теңге өндірілді.
Облыс прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын және бюджетке түсетін қаражаттың уақытылы толықтырылуын ерекше бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.
В Атырау -10