Атырау, 10 ақпан 18:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Ақтөбе облысында жаппай жол апаты болды

153 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

2026 жылғы 10 ақпан сағат 10:45 шамасында республикалық маңызы бар KAZ09 «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы ө/п)» автомобиль жолының Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Тамды кенті маңындағы бөлігінде жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ҚазАвтожол. 

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жүк көлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде үш автокөліктің соқтығысуынан пайда болған кедергіні байқап, қозғалысын ішінара тоқтатуға мәжбүр болған. Соның салдарынан бір бағытта келе жатқан өзге көлік құралдары арасында соқтығысу орын алып, барлығы 11 көлік құралы жол апатына ұшырады.

Оқиғаға байланысты 10 ақпан күні сағат 11:30-дан бастап аталған автожолдың 11-337 шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша шектелді. Қазіргі таңда апат орнында 7 бірлік арнайы техника, атап айтқанда, 2 кешенді жол машинасы, 2 тиегіш және 3 МТЗ техникасы жұмыс істеп жатыр.

Құзырлы органдар жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Мамандар жүргізушілерді республикалық маңызы бар автожолдарда сақтық шараларын күшейтуге, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол жағдайын ескеруге шақырады. Жол қауіпсіздігі - әрбір жүргізушінің ортақ жауапкершілігі.

Бүгін, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.