Атырау, 10 ақпан 17:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Израиль төрт айда атысты тоқтату келісімін 1620 рет бұзды

111 рет қаралды

Газа секторындағы Палестина үкіметінің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 10 қазанда күшіне енген атысты тоқтату келісімінен бері Израиль армиясы оны 1620 рет бұзған, деп хабарлайды АА.

Бұл шабуылдардың салдарынан кемінде 573 палестиндік қаза тауып, тағы 1553 адам жарақат алған. Есепте құрбандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар екені атап өтілген.

Төрт ай ішінде тіркелген жағдайлар:

  • 560 рет атыс,
  • 79 рет әскери техниканың тұрғын аудандарға кіруі,
  • 749 рет бомбалау және нысаналарды атқылау,
  • 232 рет тұрғын үйлер мен ғимараттарды қирату.

Сонымен қатар, атысты тоқтату кезеңінде 50 палестиндік тұрғын аудандардан ұсталып әкетілген.

Палестина тарапы Израильдің әрекеттері «гуманитарлық және құқықтық негізді әдейі бұзады» деп мәлімдеді.

Атысты тоқтату келісімі АҚШ-тың араласуымен Египетте жасалып, Израиль мен ХАМАС тарапынан мақұлданған болатын. Ол кезең-кезеңімен Израиль әскерін Газадан шығару, гуманитарлық көмекті кіргізу және басқару жүйесін құруды қарастырған.

Бүгін, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.