
Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Томарлы ықшамауданы тұрғындарының аумақта үнемі жүретін қаңғыбас жануарлардың көптігіне наразы екені анықталды.
Әлеуметтік желілердегі талқылаудан кейін волонтерлар жануарларды уақытша паналататын орындар мен тұрақты панажай іздеуге кірісті. Олар жануарлардың жаппай аулануынан қауіптеніп, қала тұрғындарын кем дегенде бір мысықтан асырап алуға шақырды.
«Мейірімді жүрек» қайырымдылық тобының негізін қалаушы Венера Манасова волонтерлер жануарларды кастрациялау мен стерилизациялауға көмектесуге дайын екенін, сондай-ақ көмек көрсетуге келісетіндерге кеңес беретінін айтты.
Жануарларды қорғаушылардың айтуынша, қаңғыбас жануарлар мәселесін шешудің ең дұрыс жолы – гумандық тәсіл. Бұл әдіс қатаң шараларды қолданбай-ақ нәтиже береді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Видео авторы В.Манасова
В Атырау -10