Атырау, 10 ақпан 17:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

​Президент: Жарлық орындалмай, қағаз жүзінде қалып отыр

118 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлықтың орындалуына қатысты сын айтты.

Оның айтуынша, құзырлы органдар тапсырмаларды іс жүзінде емес, тек есеп беру үшін қағаз жүзінде орындап отыр.

Мемлекет басшысы мемлекеттік активтерді жекешелендіру үдерісін мысалға келтірді. Үкімет жеке меншікке өтуге тиіс 473 кәсіпорынның тізімін бекіткенімен, оларды саудаға шығару немесе сатуға дайындық жұмыстары әлі басталмаған. «Мемлекеттік мүлік туралы» жаңа заң да қабылданбаған.

«Бұл жағдай жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп, бәсекелестікті тежейді. Үкімет Жарлықты орындауға қатысты ұстанымдарды бір айдың ішінде қайта қарауы тиіс. Басты мақсат – бизнеске шын мәнінде қолайлы жағдай жасайтын нақты шаралар қабылдау», – деді Президент.

Бүгін, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.