Атырау, 10 ақпан 16:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

АҚШ эмбаргосы Кубаны жанармай дағдарысына итермеледі

111 рет қаралды

АҚШ енгізген мұнай эмбаргосы Кубада жанармай тапшылығын күшейтті. Гавана әуежайында ұшақтарға отын құю мүмкін болмай, бірқатар халықаралық авиакомпаниялар рейстерін тоқтатты. Air Canada дүйсенбіден бастап Кубаға ұшуды мүлде доғарды, деп хабарлайды Евронью́с.

Кубада жанармайды бір адамға 20 литрден артық сатып алуға болмайды және тек доллармен төлеу қажет. Қоғамдық көлік жұмысы жиі үзіліп, автобустардың көбі қатынауды тоқтатты. Банк бөлімшелері қысқартылған режимде жұмыс істеп, мәдени іс-шаралар мен бейсбол маусымы да қысқарды.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум елінің Кубаға көмектесетінін және мұнай жеткізілімін қайта бастау үшін дипломатиялық жолдарды пайдаланатынын мәлімдеді. Мексика гуманитарлық жүк ретінде 814 тонна азық-түлік пен тұрмыстық тауарды екі әскери кемемен жіберді.

Куба билігі отельдерді жабу және туристерді басқа орындарға көшіру сияқты төтенше шараларды қабылдады.

Бүгін, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.