Атырау, 10 ақпан 16:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Тоқаев: Банктер экономиканы қаржыландырудағы заңды рөліне оралуы тиіс

111 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа инвестициялық кезеңнің табысты жүзеге асуы қаржы секторының белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтты. 

Оның сөзінше, еліміздің қаржы нарығындағы жиынтық активтердің 84 пайызы банк саласына тиесілі болғанымен, бизнеске берілетін қарыз үлесі небәрі 38 пайызды құрайды.

«Екінші деңгейлі банктер былтыр еш қиындықсыз 3 триллион теңгеге жуық табыс тапты. Бірақ экономиканы қаржыландырудағы заңды рөліне оралуға асықпайды», – деді Мемлекет басшысы.

Президент банк жүйесіндегі алаяқтық әрекеттерді еске алып, мемлекеттен үлкен көмек алған ірі банктердің дағдарысқа ұшырап, 1 долларға сатылғанын сынға алды.

Тоқаевтың айтуынша, банктердің қаржы ресурстарының құны жоғары деген уәждері экономиканы кредиттеуге кедергі болып отыр. «Экономиканы қолжетімді кредитпен қамтамасыз етудің жалғыз жолы – инфляцияны тұрақтандырып, төмендету, содан кейін нарықтық мөлшерлемені азайту», – деді ол.

Президент Үкімет пен Ұлттық банктің жүйелі әрі кәсіби жұмысын талап етіп, халықаралық ұйымдардың кеңестерін соқыр түрде қабылдамай, нақты түйткілдерді шешуге ұмтылу қажеттігін атап өтті.

Бүгін, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.