Атырау, 10 ақпан 16:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Тоқаев арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін сынға алды

114 рет қаралды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетін толық пайдалану қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, Қытай мен Вьетнамда мұндай аймақтар экономиканың қозғаушы күші саналады, ал Қазақстанда олардың тиімділігі әлі де төмен.

Президенттің дерегінше, ширек ғасырдан бері арнайы экономикалық аймақтардың ішкі жалпы өнімге қосқан үлесі небәрі 1 пайыздан сәл ғана асады. Оның ішінде 0,3 пайызы экспортқа, 0,9 пайызы шетелдік инвестицияға тиесілі.

«Арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі жұмыс тәсілі жарамсыз деуге болады. Олар инвестиция тартатын алаң болуға тиіс. Жаңа нормалар, құралдар, сервистік шешімдер сол жерде сынақтан өтіп, одан әрі кең таралуы қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Үш жыл ішінде инфрақұрылымды дамытуға бір триллион теңге займ қаражатын жұмсау ұсынылып отыр. Алайда Президент алдымен даму моделін қайта құру қажеттігін айтты.

Тоқаев Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалдының тәжірибесін мысалға келтіріп, қолда бар қаржымен де нақты нәтижеге жетуге болатынын атап өтті. Сондай-ақ Астанадағы оң тәжірибені де еске салды.

Үкіметке үш айдың ішінде арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың жаңа үлгісін бекіту тапсырылды.

Бүгін, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.