Ыстықкөлдегі Қаракөл қаласында болған митинг тоқтатылды. Облыстағы үкіметтің өкілетті өкілі (губернатор) Эмильбек Қаптағаев босатылып, «адамдарды тұтқынға алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
7 қазан күні кешке құқық қорғау органдары Э.Қаптағаевты босатты. Оны акцияға қатысушылар бірнеше сағат бойы қамауда ұстап отырған.
Милиционерлер арнайы құралдарды қолданып, Қаракөл қаласындағы облыстық әкімшілік ғимаратының алдындағы митингке шыққандарды қуып жіберді. Олар Ыстықкөл облысындағы «Кумтор» алтын кен орнын мемлекеттің меншігіне беруді талап еткен. Қазіргі таңда алтынды өңдеумен канадалық «Centerra Gold Inc» компаниясы айналысады. Қаракөлдегі оқиға бойынша прокуратура бірнеше қылмыстық іс қозғады.
Дереккөз: bnews.kz