Атырау, 9 ақпан 20:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

​Reuters: Теңізде мұнай өндірісінің 60% қалпына келді

108 рет қаралды

Қазақстанның ең ірі Теңіз мұнай кен орны 8 ақпандағы жағдай бойынша мұнай өндіруді ең жоғарғы қуатының 60% қалпына келтірді.

Бұл туралы осы саладағы шұғыл статистикамен таныс дереккөздер хабарлады, деп жазады Reuters.

Олардың мәліметінше, өндіру көлемі тәулігіне шамамен 550 мың баррельге (шамамен 70 мың тонна) жетті. Естеріңізге сала кетейік, қаңтарда Теңіз кенішінде өндіріс жұмысы электр жабдықтарындағы өрттен кейін энергиямен жабдықтау жүйесіндегі ақауға байланысты толығымен тоқтатылды.

Ақпан айында кен орнында мұнай өндіру көлемі біртіндеп көбейді. Ақпанның алғашқы сегіз күнінде орташа тәуліктік көлемі шамамен 340 мың баррельді құрады, ал қаңтарда бұл көрсеткіш тәулігіне 234 мың баррель деңгейінде болды. Бұл ретте ағымдағы көлемдер әлі де өткен жылдың ең жоғары көрсеткіштерінен төмен.

Дереккөздердің бірінің ұсынған ақпараты бойынша, кен орын операторы 23 ақпанға қарай мұнай өндіру көлемін тәулігіне 950 мың баррельге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Кен орнының операторы — америкалық Chevron бақылауындағы "Теңізшевройл" компаниясы дәстүрлі түрде өзінің өндірістік және коммерциялық қызметінің мән-жайын ашық жарияламайды. 

Бүгін, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.