Атырау, 10 тамыз 07:01
 дождьВ Атырау +28
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71

​Атырауда №54 маршруттың бағыты өзгереді

735 рет қаралды

11 ақпаннан бастап Атыраудағы №54 «Дина базары – Бірлік» бағытындағы қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы маршруттың автобустары жолаушыларды Бірлік-1 және Бірлік-2 ықшамаудандарына қарама-қарсы бағытта тасымалдайды.

Автобус қозғалысының жаңа бағыты көрсетілген ықшамаудандардың тұрғындары үшін жүріп-тұруына ыңғайлы болуына және жолаушылар ағынын оңтайландыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қала тұрғындарынан сапарды жоспарлау кезінде өзгерістерді ескеру сұралады

9 ақпан, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.