
Әлеуметтік желіде ірі қара малды тәркілеу мен жою туралы таралған бейнематериалдарға қатысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми хабарлама таратты.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл бейнематериалдардың Қазақстан аумағына еш қатысы жоқ.
Министрлік мамандарының айтуынша, ел аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу немесе мәжбүрлі түрде жоюға қатысты кез келген іс-шаралар қолданыстағы заңнамаларды қатаң сақтай отырып - тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі негізінде және жергілікті атқарушы органдардың міндетті түрде шектеу шараларын енгізуімен жүргізіледі. Бұндай іс-шаралар туындаған жағдайда тек республикалық эпизоотияға қарсы отряды тарапынан жүзеге асырылады.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда шектеу шараларын енгізу туралы шешімдер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу және жою жөнінде нұсқамалар қабылданған жоқ", - деп атап өтті министрліктегілер.
Ведомство тек ресми мәліметтерге сенуді және халық арасында негізсіз алаңдаушылық тудыратын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.
В Атырау -10