Атырау, 9 ақпан 18:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Нипах вирусы шекарадан шықты

119 рет қаралды

Өлімге әкелетін Нипах вирусы Үндістаннан тыс тарады, алғашқы құрбан Бангладеште тіркелді. Бұл туралы The Independent Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйене отырып хабарлады.

Әйел адамда алғашқы белгілер 21 қаңтарда пайда болған. Келесі күні оның вирус жұқтырғаны расталды, ал бір аптадан соң ол қайтыс болды.

Белгілі болғандай, науқас ешқайда сапар жасамаған, бірақ финик пальмасының шикі шырынын ішкен. Вирус дәл осы арқылы жұққан болуы мүмкін. Оқиғадан кейін Оңтүстік Азия елдері ықтимал індеттің алдын алу үшін бақылауды күшейтті.

Бұған дейін бір инфекционист дәрігер Нипах вирусынан жаңа пандемия қаупін бағалаған еді.

Бүгін, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.